"Ересек қыздың құпиялары" тақырыбында әңгіме өткізілді.
Мектептің психологиялық қызметі 5-11 сынып қыздарымен "Ересек қыздың құпиялары" тақырыбында әңгіме өткізілді.
Әңгіме мақсаты: жасөспірімдердің гигиеналық мәдениетін, әлеуметтік бейімделуін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Әңгіме барысында жасөспірім қыздарды жыныстық жетілу кезеңінде болатын анатомиялық, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістермен таныстырды. Барлық қойылған сұрақтарға жауап берілді.
