«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «АМАНГЕЛДІ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Бұл күні оқушылар өздерін мұғалім рөлінде сынап көрді: ұстаздарды естелік ашықхаттармен қарсы алып, сабақтарды өз беттерінше өткізіп, жауапкершілік, бастамашылдық және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сонымен қатар, оқушылар мерекелік концертті өздері дайындап, өткізіп, мұғалімдерге көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын эмоциялар сыйлады.
Дублёр күні оқушылар үшін нағыз педагог болудың қыр-сырын сезінуге, ұйымдастырушылық қабілеттерін танытуға және мұғалімнің маңызды әрі жауапты еңбегін тереңірек бағалауға тамаша мүмкіндік болды