admin_kgu-amangeldinskaya-srednyaya-shkola
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «АМАНГЕЛДІ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ресми сайт

«Жастар салауатты өмір салтын таңдайды»

«Жастар салауатты өмір салтын таңдайды»

05 қараша  «Амангелді орта мектебі» КММ салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған танымдық акция өтті.

Іс-шара аясында қатысушыларға «Жастар салауатты өмір салтын таңдайды» тақырыбында ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Сонымен қатар «Денсаулық әліппесі» атты түрлі-түсті суреттермен безендірілген көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушылар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке бас гигиенасы және өз денсаулығына қамқорлық жасау негіздерімен танысты.

Іс-шараның басты мақсаты – әрбір оқушыға денсаулықтың ең басты құндылық екенін, ал оны сақтау дұрыс таңдау жасау мен пайдалы әдеттерді қалыптастырудан басталатынын түсіндіру.

Бөлімге оралу «Жаңалықтар»