admin_kgu-amangeldinskaya-srednyaya-shkola
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «АМАНГЕЛДІ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ресми сайт

«Республика күні – мақтанышым!».

«Республика күні – мақтанышым!».

23 қазан «Амангелді орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасының күніне арналған «Республика күні – мақтанышым!» атты салтанатты концерт өтті.

Іс-шара барысында оқушылар көрермендерге мерекелік өнерлерін ұсынып, туған Қазақстанға арналған әндер орындап, өлеңдер оқыды. Концерттік бағдарлама Отанға деген мақтаныш сезіміне, еліміздің тарихына, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлеріне құрмет көрсетуге арналды.

Мерекелік іс-шара Отанға деген сүйіспеншілікті білдіруге, Республика күнінің маңыздылығын айқындауға және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайтуға тамаша мүмкіндік болды.

Республика күні – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және елімізге деген мақтанышымыздың символы. Қазақстанымыз гүлденіп, болашағымыз бейбіт әрі жарқын болсын!

Бөлімге оралу «Жаңалықтар»