«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «АМАНГЕЛДІ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2026 жылғы 02 қараша «Амангелді орта мектебі» КММ 11-сынып оқушыларына арналған «Әділдік өзіңнен басталады» тақырыбында интерактивті алаң ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім алушылар әділдік, жауапкершілік және адамгершілік таңдау мәселелеріне байланысты түрлі өмірлік жағдаяттарды талдады. Оқушылар интерактивті тапсырмаларға белсенді қатысып, ұсынылған жағдаяттарды саралады, оларды шешудің ықтимал жолдарын талқылады, өз пікірлерін білдіріп, көзқарастарын дәлелді түрде қорғады.
Іс-шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, сындарлы диалог жүргізу дағдыларын қалыптастыруға, өзгенің пікірін құрметтеуге және өз іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті сезінуге ықпал етті.