«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «АМАНГЕЛДІ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
9 қазан «Амангелді орта мектебі» КММ «Психикалық денсаулық – ұлт саулығы» атты психологиялық онкүндік басталды.
Онкүндіктің ашылуы аясында «Мен қиындықтарды жеңіп, қайта қалпыма келе аламын» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың жағымды эмоционалдық көңіл күйін қалыптастыру, сондай-ақ оларға өміршеңдік ұғымын түсіндіру, қиындықтарды еңсеру, өмірлік сынақтарды жеңу және ішкі күш-қуатты қалпына келтіру дағдыларымен таныстыру.
Психикалық денсаулық – әр адамның әл-ауқатының маңызды құрамдас бөлігі. Өзімізді түсінуді, бір-бірімізге қолдау көрсетуді және алға ұмтылуға күш табуды үйренеміз!